Қазақ қашанда жақсылық жасаудан жалықпаған дархан халық. Осындай аталардан қалған сара жолды бетке ұстап жүрген Ақтөре есімді Шиелілік кәсіпкер.
Жас кәсіп иесі Жаңа жыл мерекесіне орай орталық базарда торт сатып қана қоймай, келуші көп балалы отбасылар мен қарияларға тегін нан өнімдерін таратуда. Жас кәсіп иесінің айтуы бойынша күніне 100 нанды өз қаражатына сатып алып, Жаңа жыл мерекесіне орай сауап іс жасауда. 22 жасар жігіттің бұл ісі көпшілікке сабақ болары сөзсіз.