Қазалы ауданында өткен жылы «Жаңа-Қазалы» қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстарының 2 кезеңі жүзеге асырылды.
Басықара елді мекеніндегі электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан бюджетінен 13,0 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. 2016 жылы «Жаңа-Қазалы» 110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға 398,2 млн. теңге қаралып отыр. Энергия үнемдеу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру үшін қолданыстағы электр желілері мен қондырғыларына толық түгендеу жұмыстары жалғастырылады.