Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІБүгін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аудан тұрғындары алдына атқарылған жұмыстар жөнінде есебін берді. Есеп беру жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Шәймерденұлы, облыс басшысы Қырымбек Көшербаев пен қатар бірқатар облыстық басқарма басшыларымен, мәслихат депутаттары қатысты. 
Сөз жоқ, өткен жыл еліміздің экономикасында толағай табыстарымен, әлеуметтік инфрақұрылымында қарқынды өсуімен, саяси дамуында тұрақтылық пен ел қауіпсіздігінің әлемдік сипат алуына ұмтылысымен есте қалған елеулі жыл болды. 
Жалпы былтырғы жылы Өңірлік индустрияландыру картасына құны 29 млрд. 491 млн. теңгенің 2 жобасы енгізілді.
Біріншісі «DANAKE» Корпорациясының» жобалық құны 29 млрд. 341 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна цемент шығару зауыты 2016-2017 жылдары іске қосылып, 260 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда, инвесторға Шиелі кентінен 50 гектар жер телімі табысталып, құрылыс жұмыстарын наурыз айында бастау жоспарлануда. 
Екіншісі «KazChinNur» ЖШС-ның жобалық құны 150 млн. теңге болатын шағылтас және құрылыс бұйымдарын өндіру зауытының жылдық қуаттылығы 150 мың тонна құрылыс бұйымдарын өндіру (қиыршық тас, темір бетон бұйымдары). Зауыт 2016 жылы іске қосылып, 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі таңға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан апаттық жағдайдағы Тәжібаев ауылындағы 300 орындық, жобалық құны 638 млн. теңге болатын мектептің құрылысы 
90 пайызға аяқталса, 21 бекет елді мекеніндегі 100 орындық, жобалық құны 365 млн. теңге болатын мектеп құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Бала би елді мекеніндегі 900 орынды мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 61 млн теңгеге Ш.Қодаманов елді мекеніндегі «Ақбота» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізілді. 
Сонымен қатар, өткен жылы Қодаманов ауылынан жобалық құны 
184 млн. теңге болатын 150 орындық, Сұлутөбе ауылынан жобалық құны 283 млн. теңге болатын 240 орындық клуб құрылыстары жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді. 
Н.Бекежанов музейі 64 млн. теңгеге, Ы.Жахаев елді мекеніндегі мәдениет үйі 36 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. 
Ал, биылғы жылы аудандық мәдениет үйі және Ақмая, Алғабас, Бала би елді мекендеріндегі ауылдық клуб ғимараттарын 165 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында Шиелі кентіндегі ауыз су құрылысының ІІІ-кезеңіне өткен жылы республикалық бюджеттен 217 млн. теңге бөлініп, 74 шақырым су құбыры пайдалануға беріліп, Шиелі кенті халқы толық таза ауыз сумен қамтылды.
Тағы бір айта кетерлік жайт, өткен жыл ауданымыз үшін тарихи жыл екендігі. Елбасының тікелей қолдауының арқасында ғасыр жобасы атанған "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралдық газ құбыры тартылып, аудан орталығы көгілдір отынға қосылу қуанышына ие болды. Бүгінгі күнге 404 отбасы осы игілікті пайдаланып отыр. Ағымдағы жылы тұрғын үйлер және аудан орталығындағы әлеуметтік нысандар толық көгілдір отынға қосылатын болады. 
Жалпы алғанда былтырғы жылы ауданда іргелі істер мен ірі жобалар іске асырылып, көптеген жұмыстар қолға алынды. Аудан әкімінің бір жыл бойы атқарған жұмысына аудан халқы жақсы деген бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: