Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ТҰРҒЫНДАРҒА СУ АЙДЫНДАРЫНДА САҚ БОЛУЫ ЕСКЕРТІЛДІ

АРАЛДА ТҰРҒЫНДАРҒА СУ АЙДЫНДАРЫНДА САҚ БОЛУЫ ЕСКЕРТІЛДІҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің Арал аудандық өкілдігі жергілікті тұрғындарға ескерту жолдап отыр. 
Ауа райының жылы болуынан аудан көлеміндегі су айдындарында мұз толық ұстаспауда. Сол себепті мұздың техникалық төзімділігі талапқа сай емес. 
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-і, мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында көліктердің және барлық мемлекеттік, коғамдық ұйымдардың балықшылары мен әуесқой балықшыларға су айдындарының (мұздың) үстіне шығуларына, сондай-ақ, Сырдария өзені арқылы өтетін елді мекендердің тұрғындарына, мұзды өткел есебінде пайдалануға қауіпті екенін хабарлайды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: