Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНЕ БАСШЫ КЕЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНЕ БАСШЫ КЕЛДІАудан әкімінің мәжіліс залында аудан активінің төтенше жағдайлар бөлімінің басшысын тағайындауға байланысты жиын өтті. 
Жиынға облыстық департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов қатысты. «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, департамент басшысының бұйрығымен азаматтық қорғау подполковнигі Берікбай Омаров аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы лауазымынан, бөлім басшысы қызметіне тағайындалды. 
Берік Әбдімажитұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде заңгер, Болашақ университетінде құрылысшы мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2001 жылы осы мекемеде анықтаушы инспектор, аға анықтаушы, аға инженері және облыстық төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы қызметін абыроймен атқарды.
Сондай-ақ, шара барысында қыста орын алған төтенше жағдай, яғни, су тасқыны қаупінің алдын алуда ерен еңбегіне сай ауданның жауапты басшылық қызметте жүрген азаматтар марапатталды. 
«ҚР ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медалі аудан әкімі Руслан Рүстемовке табысталды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: