Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Жалағаш ауданы жастары Парламентінің ашылуы болып өтті.
Шараға Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев қатысып, 21 жас депутатқа арнайы куәліктер мен төсбелгілерін тапсырды. Шара барысында сөз алған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов Жалағаш ауданының әкіміне жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыс хат тапсырып, жас депутаттарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.