Бүгін аудан әкімі Абзал Мұхимов мәслихат депутаттарымен мәжіліс өткізді.
Мәжілісте алдымен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бөрі Дабылов жақында депутаттық мандатқа ие болған азаматтарға төсбелгі мен куәліктерді табыстау рәсімін жасады.
Сондай-ақ аудан әкімі А. Мұхимов V шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаттарын 2012 жылдың қаңтар айынан осы кезге дейін халық алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып, халықтың қалаулысы ретінде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жәрдемдескені үшін алғыс хатпен марапаттады.