Мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауында мал шаруашылығының дамуына айрықша назар аударып, саланы дамытудың жолдарын айқындап берді.
Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында аймақта ауқымды жұмыстар атқарылып, мал шаруашылығы саласында өсудің оң динамикасы қалыптасып отыр.
Мал шаруашылығын қарқынды дамытудағы жетістіктермен қатар озық технологияларды кеңінен насихаттау мақсатында өткен жылы мамыр айында жиырма жылдан кейін бірінші рет облыстық малшылар слеті өткен болатын.
Биыл да Жаңақорған ауданында 28,29 мамыр күндері дәстүрлі «ІІ облыстық малшылар слеті» өткізіледі.
Слеттің басты мақсаты ауыл шаруашылығымен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдарын шақырып, мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау және көрші облыстармен өңірлік кооперация құру арқылы озық технологияларымен таныстыру, тәжірибе алмасу.