Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨРЕНДЕР «АЙБЫНДА» БАҚ СЫНАЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨРЕНДЕР «АЙБЫНДА» БАҚ СЫНАЙДЫ 13-18 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу – жаттығу орталығында II республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 20 жеткіншек «Сыр сарбаздары» деп аталатын топ құрап, облысымыздың намысын қорғамақшы. Бұл туралы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жиын барысында «Сыр сарбаздары» командасы сайыс ережесіне сақадай сай болып дайындалды. Спорттың әскери – қолданбалы түрлері және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша аламан бәйгеде бақтарын сынайтын болады. Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, генерал –майор Ә.Ерниязов жалынды жастарға әскери тәртіпте сәттілік тіледі.
Жарыста еліміздің түкпір – түкпірінен жиналған 800 – ден аса әскери патриоттық клубтардың, мектеп – интернаттарының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларының студенттері қатысатын болады.
Әскери-патриоттық жиынға қатысушы бозбалалар әскери жарғыға сәйкес іс-шараға толық экипировкада қатысатын болады. Әскери-патриоттық мектептерден елордамыз Астана қаласы бойынша 20 тәрбиеленушісі, Қарағандыдан 20-сы, шырайлы Шымкенттен 20-сы, 40-ы Алматыдан, 20-ы Семейден, 20-ы Павлодардан келеді. Одан басқа, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының 26 кафедрасының 10 курсантынан, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: