Арал мен Қазалы аралығында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қызылорда облысының Арал қаласынан Қазалы ауданына дейінгі аралықтағы «Самара-Шымкент» тас жолында көліктердің барлық қозғалысына шектеу қойылды.
Қызылорда облысында бүгін ауа райының нашарлап тұр. «Осыған байланысты 19 желтоқсанда Астана қаласы уақытымен сағат 16.20-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1361-1474 шақырым аралығына көліктердің барлық қозғалысына шектеу қойылды. Ол Арал ауданы орталығынан Қазалы ауданына дейінгі аралықты қамтиды», - деп мәлім етті «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалынан.