Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА «САИДА» СУПЕРМАРКЕТІ АШЫЛДЫ

АРАЛДА «САИДА» СУПЕРМАРКЕТІ АШЫЛДЫАғымдағы жылдың 18 шілдесі күні Арал қаласы келбеті көз тартарлық жаңа сауда нысанымен толықты. Бүгінде есігін айқара ашқан «Саида» супермаркеттің ашылуы аудан халқы үшін үлкен жаңалық екені даусыз. 
Аталмыш супермаркетті жерлестеріне жеке кәсіпкер Нұргүл Қыздарбекова тарту етті. 
– Арал қаласында алғашқы супермаркетті ашуды көптен ойлап жүрген едік. Бұл мақсатымызға жету үшін біраз қауырт жұмыстар атқарып, осылайша, отбасылық кәсібімізге қол жеткіздік, – дейді Нұргүл Көбейсінқызы.
Расында, елдің игілігі болмақ бұл супермаркет – үлкен еңбектің жемісі. Мұнда халықтың қажеті үшін бәрі жасалған деуге болады. Атап айтсақ, супермаркет заманауи талаптарға сай кассаға арналған компьютерлік есептегіш құралымен, жекелеген сақтау камерасымен жабдықталған және ғимарат ішіне бейне бақылау камералары жүргізілген. Есептегіш құрылғының көмегімен сатып алушының қолына міндетті түрде чек беріледі әрі сол чек арқылы тауарды қандай бағамен сатып алғандығын тексеруге өте ыңғайлы. 
Бір айта кетерлігі, супермаркеттің жұмыс кестесі тұрғындар үшін өте қолайлы болмақ, өйткені сағат 09.00-де ашылған есік үзіліссіз 02.00-ге дейін қызмет көрсетуге дайын.
Жаңа супермаркет қолжетімді бағасымен, ассортиментінің кеңдігімен және қызмет көрсетудің мәдениетімен баршаның ойларынан шығатынына күмән келтірмеуге болады. Сауда орнының иелері де кәсібін осындай деңгейде ұстап тұру міндетін өз алдарына қойып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: