Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

 

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында Қызылорда облысында 3100 тонна балық ауланып, барлығы 2319 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылған.
Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов баяндады.
«2016 жылдың І жартыжылдығында барлығы 2 319 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Еуропа елдеріне 1 055 тонна (Дания -277 тн, Польша -178 тн, Грузия -260 тн, Әзірбайжан -340 тн) және Ресей Федерациясына 1 264 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды» - деді басқарма басшысы. 
Айта кетерлігі, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші бөлігінің жүзеге асырылуы нәтижесінде Арал өңірінің балық шаруашылығын дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды. Осының арқасында бүгінгі күні балықтың 23 түрі қайта келіп, балық аулау көлемі 400 тоннадан 8000 тоннаға дейін ұлғайған. Жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыттары бүгінде өз өнімдерін жақын және алыс шетелдерге экспорттауда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: