Мына аула қоршауы Жаңақорған ауданындағы Талап ауылдық округіне қарасты Бесарық бекетінде тұратын Мерей Дүйсембиевтің үйі.
Ауылдағы №247 орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Мерей Дүйсембиев өз үйінің аула қоршауын осылай жасап, ауылдың архитектуралық сәніне үлес қосып жатқан жайы бар. Қазір ауылда «Мерей қалып», «Мерей фундамент» деген сөз тіркестері пайда болса есік алдындағы қос аққу-субұрқағы ауласына көрік беріп тұр. Көрші-қолаң, жора-жолдас ол кісінің қалпын алып өз құрылыстарына пайдаланып жатыр.