0
АҚТӨБЕ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА 300 ТОННА ӨНІМ АЛЫП КЕЛДІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында үстіміздегі жылдың 13-15 қазан күндері Қызылордада Ақтөбе облысының күндері болып өтті.
Ақтөбе облысы күндері барысында Қызылорда қаласының «Тағзым» алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге 12 аудан мен Ақтөбе қаласынан 150-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты.
Ақтөбеден жәрмеңкеге ет (сиыр, қой, жылқы, түйе, құс, қоян еті, шұжықтар), сүт (шұбат, қымыз), ұн, тары, талқан, құрт, ірімшік, картоп көкөністер, жеміс-жидектер, бақша дақылдарын, бал, жұмыртқа (тауық, бөдене), өсімдік майы, кондитерлік тағамдар, консервілер, сусындар және т.б. 40 көлікпен соммасы 111,6 млн. теңгенің 300 тонна өнімі әкелініп, қызылордалықтарға арзан бағада сатылды.
Іс-шара Ақтөбе облысының биші, әнші әртістерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Айта кетсек, жасалып жатқан іс-шаралар екі облыс арасындағы өңіраралық кооперацияны дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижесі.