Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАҢ ДИҚАНДАРЫ КҮРІШТЕН МОЛ ӨНІМ АЛДЫ

ТАҢ ДИҚАНДАРЫ КҮРІШТЕН МОЛ ӨНІМ АЛДЫ Аудан әкімі Т.Дүйсебаев және Таң ауылдық округінің әкімі Ә.Байнахатов халық алдында есеп берді.
Таң ауылдық округінде 235 отбасы, онда 1385 жан тұрады. Халық негізінен ауыл шаруашылығы, соның ішінде егін егумен айналысады. Ауыл округінде 1 орта мектеп, мектеп жанындағы 50 орындық шағын орталық, 1 дәрігерлік емхана, 1 фельдшерлік бекет, мәдениет Үйі, кітапхана, пошта, АТС қалыпты жұмыс атқарып халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар 3 кәсіпкер сауда, 4 кәсіпкер жолаушы тасымалы, 1 кәсіпкер дәріхана, 1 кәсіпкер дәнекерлеу саласы бойынша қызмет жасайды.
Ауылдық округтегі шаруашылықтар өткен жылы 2104 гектар күріш егіп, жақсы өнім алды. 
Өткен оқу жылында 12 мектеп бітіруші ҰБТ-ға қатысып, 12-сі де мемлекеттік грант иегері атанды. Туылған балалар саны 29, 2015 жылмен салыстырғанда 7 балаға көбейген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: