Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БЕКБАУЫЛДА МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША САЛЫНУДА

БЕКБАУЫЛДА МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША САЛЫНУДАБекбауыл ауылдық округі әкімі Т.Тынымбаев ел алдында берген есебінде ең алдымен ауылдағы мал басының өсіміне тоқталды. Округте 3387 мүйізді ірі қара, 704 жылқы, 337 түйе, 4418 уақ малдар есепке алынған. Әсіресе, Қамбар ата түлігінің едәуір артқаны байқалады.
Өткен жылы округтегі «Ықылас» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде асыл тұқымды 9 бас бұқа, «Болашақ» шаруа қожалығы 1 бас бұқа, жеке кәсіпкер Қ.Қаражанов, У.Түрікпенов 4 бас бұқа сатып алған.
Өткен жыл үлесіндегі тағы бір жаңалық – елдімекеннен бокс секциясы ашылды. Сонымен қатар, өткен жылы №265 Үкілісай мектебін салуға облыстық бюджеттен 314 млн теңге қаржы бөлініп, 50 орындық мектеп және 20 орынды балабақша құрылысы бастау алған. 
Сондай-ақ, 2016 жылы округке қарасты Құмбазар елді мекенінің ұзындығы 1 шақырымнан астам бөлігін құрайтын көшесіне 29 бағана жарық шамдары орнатылғандығы белгілі болды.
Осылайша бекбауылдық ағайын жарасымды тірліктерін ілкімді істермен өрбітіп, жылды қорытындылады. Есепті кездесуде ауыл тұрғындары қанағаттанарлық пікірлерін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: