Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ҚОЖАНТАЙ» СУ РЕТТЕГІШ ТОСПАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

«ҚОЖАНТАЙ» СУ РЕТТЕГІШ ТОСПАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫҚармақшы ауылында бүгінде 22 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Олар мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал басын көбейту және бордақылау бойынша елеулі жұмыстар атқаруда. 
2016 жылы Қармақшы ауылындағы жеке қожалықтарда мал саны МІҚ 1716 бас, қой-ешкі 4265 басқа, жылқы 454 басқа, түйе 620 бас және 485 құс есепке алынды. Міне, осындай берекесі мен бірлігі жарасқан ауылда өткен есепті кездесуде аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңір тұрғындарының әлеуетін арттыру және ағымдағы жылға міндеттелген жоспарларды саралады. Ауылдың ахуалына тоқталып, бүгінгі таңда округте мал шаруашылығын өркендету және кәсіптің басқа да түрлерін дамыту бойынша игілікті істер атқарылып жатқанын айтты. Өткен жылы ауылдық окргутегі тұрғын үйлер орталық ауыз су жүйесіне қосылды. №13 «Балбөбек» балабақшасының есік–терезелері ауыстырылып, жөндеуден өтті. Қызылтам елді мекенінде 1 шақырым тас жол салынды. Уақ мал тоғытатын тоғытпа іске қосылды. Ветеринарлық пункт жұмыс жасап тұр. Сонымен бірге неше жылдан бері ауыл тұрғындарының өзекті мәселесі болып келе жатқан Қараөзек арнасына «Қожантай» су реттегіш тоспасының құрылысы басталды. Ол үшін 2016 жылы облыстық бюджеттен су реттегіш тоспасының құрылысын бастауға 5,0 млн.теңге бөлінді. Биыл құрылысты толық аяқтауға облыстық бюджеттен 11 млн 903 мың теңге, аудандық бюджеттен 1 млн 323 мың теңге қаралды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысы мен тегін дәрі-дәрмектердің берілу тәртібі және пошта мен ауылдық клуб ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген сияқты өзекті мәселелерге де зейін қойып, сауалдарына аудан әкімі және сала мамандары нақты және тұщымды жауаптар берді. Кездесу соңында «Қармақшы» ЖШС-нің директоры Қанибай Айтымбетов сөз сөйлеп, ауданда атқарылып жатқан игі істерге жоғары бағасын беріп, ауыл тұрғындары атынан алғысын айтты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: