Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАДАҒЫ АЛЛЕЯЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА


Қазіргі таңда, қала бойынша 52 аллеялар мен скверлер бар. Аталған аумақтарды жасыл желекке айналдыру мақсатында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Жыл сайын, заман талабына сай қала мәдениеті мен шаһарымыздың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда.
Бүгін, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастау алған санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалау мақсатында қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов арнайы аралап, қала көлемінде орналасқан кейбір аллеялар мен скверлердегі орын алған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде ретке келтіру және жою туралы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.
Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімдігінің күнделікті жіті бақылауында.
Құрметті жерлестер!
Туған қаласына құрметпен қарап, туған топырағын жақсы көретін азаматтарды, санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығы аясында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктерге қатысу арқылы шаһарымыздың көркеюіне, абаттануына, еліміздегі ең таза қала атануына үлесіңізді қосып, белсенділік танытуға шақырамыз!


Қызылорда қаласының әкімдігі
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: