Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


«Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына, тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018 - 2019 жылдарға арналған» ұйымдастырушылық жұмысшы тобымен қала аумағындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
13 шілде күні жүргізілген түсіндірме жұмыстары барысында «Атамекен» сауда орталығы қамтылды.
Қала бойынша «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына, тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018 - 2019 жылдарға арналған» ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 қаңтарында №724 шешіммен комиссия және жұмысшы тобы құрылып, 31 қаңтарда аталған іс-шара қала әкімімен бекітілді.
Жұмысшы топ бірінші тұрғыда шағын және орта бизнес өкілдеріне (дәмханаларда, сұлулық салондарында, моншаларда, ТЖО-да, және т.б.) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелу, өз тараптарынан жұмыспен қамтып отырған азаматтармен келісім-шарттар жасау және жұмыскерлеріне міндетті зейнетақы жарналарын аудару қажеттігі жөнінде түсіндірме-кеңестер беріп, хабарламалар тарату жұмыстарын жүргізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: