Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА МЕРЕЙТОЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Онда облыс орталығындағы бүгінгі күннің маңызды мәселелері таразыланды.
Мәжілісте қала басшысы алдымен жаңа тағайындауларға тоқталды. Бұдан бұрын Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған Руслан Каюпов енді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болса, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Каюпов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, Қызылөзек, Талсуат ауылдық округінің әкімдері қызметіне Сәкен Әбдіжаппар, Болатбек Нұрлыбаев кірісті.
Мәжілісте қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Шахмардан Байманов өзі жетекшілік ететін салалары бойынша атқарған іс-шаралар барысына тоқталды.
– Биылғы жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, яғни физика, химия, биология, робототехника каби­неттері мен 3D модельдеу, цифрлы лабораториялармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, ол игерілуде, – деді Ш. Байманов.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай біршама мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған еліміздің өзге өңірлерінен Сыр бойынан шыққан ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін шақыру жоспарланған. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін 2000 дана арнайы сериялық мерекелік медаль дайындалуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: