Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізулер өткізді


2019 жылдың 21, 22, 26 қараша күндері аудандық АТТ мүшесі, Облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының Жалағаш ауданы бойынша бөлім меңгерушісі Арыстанбек Байғабыловпен аудан жастарымен, мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізулер өткізді.
Аталмыш шаралар «Сыр аланы» қоғамдық қорының жүзеге асыруындағы «Жалағаш ауданы көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шаралар» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қолға алынды.
Кездесулер барысында теолог ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Зайырла мемлекет және дәстүрлі дін» тақырыбында сөз қозғады. Бітіруші түлектер де өз тараптарынан сұрақтар қойып, тұшымды жауап ала алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: