Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиелі ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі және Шиелі аудандық маслихатының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы келді.
Қ. Мүбараков 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, «экономист-менеджер» және «заңгер» біліктіліктері бар.
Қ. Мүбараков еңбек жолын Жаңақорған ауданы Өзгент ауылындағы қырманда қарапайым жұмысшы болып бастаған. 1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық комитетінде жауапты қызметтер атқарған. 2001-2009 жылдары – Шиелі ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.
2009-2011 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болған. 2011-2018 жылдары – Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. 2019жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: