Орталық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді

Айдар: Қоғам
2014 жылдан бері «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы биылғы жылдың қазанына дейінгі шектеу мерзімімен жұмыс жасаған болатын. Ол мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдық жерлерге, оның ішінде екінші деңгейлі банктер үшін тартымдылығы аз бизнес жобаларды жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.  
Орталықтың жарғылық капиталы 2,67 млрд. теңгені құрайды. 2015-2019 жылдар аралығында 6,7 млрд. теңгеге 1709 жоба несиелендірілді. 
Бүгінде облыс әкімінің тікелей қолдауымен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бойынша оң тәжірибе жинақтап, микро және шағын кәсіпкерлер үшін сенімді серіктеске айналған Орталықтың қызметін 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Бұдан өзге, еліміздегі соңғы ахуалға байланысты отандық бизнесті қаржыландыру бағытында «Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелендіру» жаңа бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы айналым қаражаттарын толықтыруға заңды тұлғалар 3 млрд. теңгеге дейін, ал дара кәсіпкерлер 50 млн. теңгеге дейін 
8 пайызбен 12 айға дейін несие алуға мүмкіндіктері бар. 
Бүгінгі күнге, бағдарлама аясында 50 кәсіпкерге 4,8 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер бағытталды.
[related-news] [/related-news]
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:

Введите два слова, показанных на изображении: