Бүгінде шаһар тұрғындарына қажетті 40,1 мың тонна көмір әкелінді. Сондай-ақ, облыс халқы үшін қатты отын бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін компаниялармен келісім жүргізілді. Алдағы уақытта өңірге қосымша тағы да көмір отыны жеткізілетін болады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.
- Қысқа дайындық мәселесі облыстық штабтың тұрақты бақылауында. Бүгінгі күнге коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 84 пайызға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтарының жөндеу жұмыстары 86 пайызға орындалса, жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлерге де дайындық жұмыстары жүргізілуде,- деді Ерлан Мақсотұлы.