Қызылордада 110 қап қара күріш ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды
20 қазан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:37 шамасында өткізіліп жатқан жедел профилактикалық шара барысында «Досқали» елді мекеніне қарай бағыт алып бара жатқан күдікті мотокөлікті байқайды.
Мотокөліктің ізіне түскен полицейлер Қазалы ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабынан 20 қаптан астам қара күріш ұрлап, бос тұрған ғимараттың ішіне жинап жатқан жерінен аудан тұрғыны ұсталды.
Жедел түрде жүргізілген тексеру барысында бұл азаматтың дәл осы егістік алқабынан 3 күн қатарынан барлығы 110 қап қара күріш ұрлағандығы белгілі болды.
Қазіргі таңда күріш ұрлаған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде. Полицейлер оқиғаның мән -жайын анықтауда.