Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда жоғалып кеткен аңшы табылмай жатыр

Бүгін Арал ауданындағы Қаратерең елді мекенінде 1974 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғыны жоғалып кеткен аңшыны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары "Көкарал" шлюзінің платинасынан басталды. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметі Жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника, жергілікті полициядан 8 қызметкер 2 техника және аудан әкімдігінен 5 қызметкер 2 техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта шлюзден 30 шақырым жерде іздеу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар көл маңайындағы батпақты жерде жаяу жүріп жұмыс жүргізуде. Іздеу операциясы күн батқанға дейін жалғасады.
Бұған дейін  2020 жылдың 27 қазанында үш адамнан тұратын аңшылар тобы  Арал ауданы Қаратерең елді мекені, Арал теңізіне қарай құстарды атуға шыққаны белгілі болды. Бірнеше сағаттан кейін аңшылардың бірі жоғалып кеткен. Қасындағы достары оны іздеуге шыққан. Келесі күні де сол маңайларда аңшылықта жүрген аңшылардан көмек сұрап бірге іздестірген. Алайда, өз бетінше іздестіру еш нәтиже бермеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: