Entgroup: 2017 жылы Қытай әлемдегі ең ірі кино нарығына айналуы мүмкін
«Entgroup» Қытай зерттеу компаниясының мәліметі бойынша, ақпан айында тарихта алғаш рет ҚХР кинотеатрларының кассалық жинақ қоры американдықтардан басып озды, деп жазады China Dailу.
Бір айдың ішінде табыс көзі 4,05 миллиард юаньға (647 миллион доллар) жеткен. Ал Солтүстік Американың касса қоры дәл сол мерзімде 710 миллион юаньды құраған. 2012 жылы «Ernst & Young» компаниясы 2020 жылға қарай Қытай әлемдегі ең ірі кино нарығына айналады деп болжаған болатын. Бір жылдан кейін «Entgroup» Қытай кино нарықтағы әлемдік көшбасшы рейтингісіне 2017 жылы ілігетінін жариялады. Бұл болжам статистикалық мәліметтер бойынша Қытай кинонарығы жылына орта есеппен 25 пайызға, ал салыстырмалы түрде АҚШ нарығы 1 пайызға өсіп отырады деген хабарлама негізінде жасалған. Сарапшылардың бір бөлігі қытай аудиториясы блокбастерлерге аса үлкен қызығушылық танытуда десе, енді бірі тұрмыс қажытқан қала тұрғындарына бір сәт сергектік сыйлау үшін боямасыз өмірден алынған комедиялық фильмдер сұранысқа ие болады деген пікірде.