Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жас ақындар Жеңісті жырлады

Жас ақындар Жеңісті жырладыСырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясовтың 95 жылдығына орай "Жеңісті жақындатқан тұлға" атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған Астана, Тараз, Оңтүстік Қазақстан және аймағымыздан 10 жас ақын қатысып, аудан халқы аға мен іні, қыз бен жігіт, әзілі жарасқан құрдастар айтыстарына куә болды. Республикалық жас ақындар айтысын облыс мақтанышы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жүргізді. Ақындар айтыста Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясовтың батырлығын және Н.Ілиясов ауылының әсемдігін сүбелі сөз, орамды ой, ұйқасты өлеңдермен насихаттады.
Айтысқа Бек Шмат, Рай Дөңбай, Дәурен Ысқақ, Жібек Сақтаған, Марат Сүгірбай,Сырым Әбдібек, Нұрымхан Совет, Аруна Керімбет, Мұхаметжат Мансұровтар қатысты. Жас ақындар айтысының қорытындысында астаналық Бек Шмат бас жүлдені алды. Бірінші орынды Астанадан келген Аруна Керімбет алса, сырдариялық Мұхаметжан Мансұров екінші орынды иеленді. Үшінші орын қармақшылық Сырым Әбдібекке бұйырды. Өзге де жас айтыскерлер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: