Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалыда бабалар мерейтойы өтеді

Қазалыда бабалар мерейтойы өтедіҚазалыда Бекарыстан бидің 250 жылдығы мен Ақтан батырдың 245 жылдығы 30 қыркүйек күні өтетін болып белгіленді. Қазіргі таңда бабалар жолын ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында білім беру орындарында конференциялар мен танымдық тәрби сағаттары өткізілуде. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы делегация Ақтан батыр бейіті орналасқан Ақтөбе облысына барып, батыр рухына құран бағыштамақ. Мерейтой аясында кітапхана көрмелері, ғылыми-танымдық конференция, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бабалар туралы жинақ шығару үшін деректер зерттелу үстінде. Мерейтой аясында гүлдер жәрмеңкесі, жыршы-термешілердің аймақтық фестивалі, ақындар айтысы, ат бәйгесі, т.б. спорттық сайыстар өткізілетін болады. 
Сонымен қатар, Бекарыстан би атындағы ауылдан қоғамдық мұражай және Ақтан батыр ауылынан мешіттің ашылу салтанаты өткізілмек.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: