Облыстық ішкі саясат басқармасы, "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорының ұйытқы болуымен жолға шыққан "Бірлігіміз жарасқан" көшкеруені ауданымыздың Ақүйік, Бесарық ауылдық округтерінде болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған көшкеруен құрамында облыстық "Қоғамдық келісім орталығы" МКМ- нің бөлім басшысы Е.Уайсов, "Қырғыз" этномәдени орталығының төраға орынбасары Ғ. Қасымов пен "Татар" этномәдени орталығының мүшелері және Қызылорда қаласының өнерлі жастары бар. Елімізде атқарылып жатқан іргелі істер мен жерімізді мекендейтін 130-дан аса ұлт пен ұлыстардың өзара қарым-қатынасын, достығын насихаттаған көшкеруен өкілдері кездесу соңынан шараны үлкен мерекеге айналдырып, ауыл халқының көңілін көтерді.
Аталмыш шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет қаладан келген қонақтарға алғысын білдіріп, еліміз аман, ұлттар мен ұлыстар достығы мәңгілік болсын деген ақ тілегін жеткізді.