Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«АЛАШҚА АНА – СЫР ЕЛІ» ЕҢ ҮЗДІК ПОСТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа Жұлдыз»  ҚҚ ұйымдастыруымен  «Алашқа ана – Сыр елі» тақырыбында ең үздік пост байқауы өтті.
Байқау барысында Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын, туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын үздік посттарды анықталып, «Алашқа ана – Сыр елі» ең үздік пост байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазылар алқасы өзара ақылдаса келе, 1-орынға Әлия Мұсаеваны, 2-орынға  Тәжімұрат Әлжановты, 3-орынға Гүлбану Мақажанды лайық деп тапты. Ал Ақнұр Жағыпарованы  ынталандыру сыйлығымен, қалған қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттауды ұсынды.
Халықаралық журналист, белгілі блогер Қанат  Әуесбай «Звуки кобыза или ято такое «гольдштейн бриз», «Последний долг или ожидание моря» тақырыбында пост жазған Әлия Мұсаеваның блог-сапар барысын түгелімен қамтып, суреттерді дұрыс таңдағанын жеткізді. «Эмоциямен жазылуы, сапардың күрделі тілмен емес, жеңіл түрде оқылатын етіп баяндалуы блогтың ерекшелігі. Материалда Қызылорда-Байқоңыр-Қармақшы-Қазалы-Арал бағыты бойынша аралаған нысандардың барлығы қамтылған. Нақты дәлелдермен қатар, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде өзі сезінген тылсым бір құдіретті, ерекшеліктерді баяндап,  аталған аудандарда дүниеге келген тұлғаларды атап, аймақтың өзге де жетістіктерін, жаңа технологиямен жабдықталған зауыттардың әлеуетін жан-жақты  жазған» деп пікір білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: