Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған «Киелі мекен - Қызылорда» халықаралық «Жайдарман» фестиваліне Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан және Түркия құрама топтары мен Қазақстанның 6 өңірінен келген командалар қатысты.
Қазылар алқасы құрамында сатирик, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек, «Республикалық радио» ЖШС бас директоры Мәди Манатбек, суретші Әлібек Қойлақаев, «Нұр Отан» партиясың Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес және «Әзіл әлемі» театрының артисі Қанат Әлжаппаров болса, кешті жүргізген Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Жайдарман» фестивалінде Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан және Түркия құрама топтары мен Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы мен Қазақстан құрама командалары бақ сынасты.
Фестиваль қорытындысымен үшінші орынды «Юсуф Мироғұлының қарындастары» (Алматы), екінші орынды – «Тұран» командасы (Қарақалпақстан) берсе, бірінші орынды «Миллион» құрамасы (Түркістан облысы) жеңіп алды. Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясында Елжан Халиуллин («Грант» командасы, Батыс Қазақстан облысы) марапатталды. Байқау жеңімпаздарына диплом мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: