Әнші Мадина Сәдуақасова қызылордалық кәсіпкерге iPhone 13 пен бриллиант сыйлады
Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова қызылордалық жеке кәсіпкерге iPhone 13, ал анасына бриллиант жинақ сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Instagram-парақшасында қызылордалық жеке кәсіпкер Әділет Байнашевпен кездескенін, оның әрқашан гүлмен қарсы алатынына риза екенін жеткізген еді.
"Көргеніме өте қуаныштымын. Супер отырыс болды. Бізбен кездесуге уақыт тапқаныңа рақмет, Адик! Әділет Алматыға келсе, ұстай алмайсың. Қызылордадағы Шұға апама - Адиктың алтын анасына бізден дұғай сәлем!" - деді әнші.
Әнші қомақты сыйлық жасаған жігіттің өзі де парақшасында қуанышын жасырмады.
"Ауызашарда отырған жерімнен жақын тәтем шақырып, керемет сыйлық алып жатырмын. Қуанышымда шек жоқ!", - деді ол.
Ол Желіде әншіге ризашылығын білдірді.
"Бүгін мен үшін күтпеген жайт болды. Алматыда ақ тәтем бар ғой Мадина Садуақасова деген. Бүгін Олжас жездемізбен бірге керемет бір виллаға қонаққа шақырып, жақында туған күні болған анама бриллиант сыйлады. Менің де туған күніме келе алмаған еді, маған айфон сыйлады. Алла разы болсын!
Маған ұнағаны - анама жасаған сыйларыңыз! Әрине, ананың көңілі бәрінен қымбат қой. Аман болыңыздар. Ең бастысы, тәте мен іні арасында сыйластығымыз үзілмей, тек жақсылықтарымен жалғаса берсін. Мен сізді шын жүрекпен жақсы көремін", - деп жазды ол.