Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ДӘРІГЕРЛЕР МЕРЕКЕЛІК КЕШТЕ ӘН ШЫРҚАДЫ

ДӘРІГЕРЛЕР МЕРЕКЕЛІК КЕШТЕ ӘН ШЫРҚАДЫОблыстық денсаулық сақтау басқармасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақмарал Әлназарова мерекеге орай, ардагер аналар мен сала үздіктерін марапаттады. «Тәуелсіздіктің 25 жылында - 25 жыл еңбек өтілімен» атты мерекеге, тәуелсіздік алған жылы жас маман болып келген, қазір 25 жыл еңбек өтілі бар дәрігерлер мен мейірбикелер қатысты. 
Басқарма басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы жиналғандарды құттықтап, Облыс әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хаттарымен» үздіктерді марапаттады.
Шарада сала ардагерлері өз ойларымен бөліссе, қызметте жүргендері пікірлесу арқылы ұсыныстарымен бөлісті. Мерекелік құрмет соңы әнмен жалғасты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: