Аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы қос ғасырдың куәгері Аралқұм ауылының тұрғыны Тәжігүл Еңсепованың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
Тәжігүл ана Арал ауданы Көкарал бөгеті маңындағы Ақбауыр ауылында 1916 жылы өмірге келген. Жастайынан тұрмыстың қатал тірлігіне араласып өске ана ұзақ жасаудың сыры еңбекте дейді. Бүгінде Тәжігүл ана 9 ұл мен қыздан тараған 33 немере, 63 шөбере және 1 шөпшек сүйіп отыр.
Аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы Тәжігүл ананы мерекемен құттықтап өз кезегінде сый-құрмет көрсетті. Өзіне деген ерекше ықыласқа риза болған ғасыр жасаған ана аудан әкіміне ақ батасын берді.