Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН ЖАРЫСТЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН ЖАРЫСТЫЖаңақорған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Құран-мәңгілік мұғжиза» атты облыстық жасөспірімдер мен жастар арасында Құран-Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті. 
Құранның соңғы отызыншы парасынан сайысқа түскен 40-қа жуық шәкірт өз білімін мешіт төрінде айқындады. Алғашқы кезекте әділ қазылар алқасының төрағасы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров барша ораза ұстаған қауымды Рамазан айымен құттықтап, шәкірттерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ әділ қазы құрамында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы М.Гаджиев, «Айтбай» мешітінің бас имамы Н.Керімбеков және Абдулхалиқ қари бар. Түсауа тәмамдалған Құран жарысы нәтижесінде жүлделі I-орынды жаңақорғандық Берік Асқарұлы, II-орын қызылордалық Нұрмұхаммед Көптілеуұлы, қос бірдей қоланы қазалылық Әділет Қонысбаев пен қызылордалық Абдулла Мағжан өзара бөлісті. Жүлдегерлер бағалы сый-сияпат пен «Дипломға» ие болса, барлық қатысушы шәкірттер ынталандыру «Алғыс хаты» мен қаржылай сыйақыға қол жеткізді. 
Жарыс соңында облыстың өкіл имамы Талғат қажы Сейіткәрімұлы сайысты ұйымдастыруға ұйытқы болған ауданнның бас имамы Сайдулла Омаровқа ризашылығын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: