Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРДАГЕРЛЕР КІТАПХАНАДА БАУЫРЫНАН ТАБАҚ ЖҮГІРТУ ЫРЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

 

Қармақшы аудандық кітапханасында облыстық Ардагерлер кеңесінің семинары аясында қатынасушылар назарына бауырынан табақ жүгірту ырымы көрсетілді.
Туылғанына 5-6 ай болып, талпына бастаған сәбиді тез аяқтансын деген мақсатпен туған-туыс, көрші-қолаңды шақырып, баланың «Бауырынан табақ жүгірту» ырымын өткізіледі. Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:
-Балапандай талпын да,
Аршында, бөпем, аршында!
Желмаядай желгек бол,
Қас тұлпардай сергек бол!- деген игі білдіріп, табақтағы астан алдымен баланың өзіне дәм татқызып, қалған асты жиналған жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ баталарын береді. Міне, бұл бауырынан табақ жүгірту деп аталады. «Бауырынан табақ жүгіртудің» де өзіндік мән-мағынасы, ойға алған мақсаты бар. Талпынып тұрған бала бауырын ыстық тамақтың лебі шалғанда, жүйке клеткалары тітіркеніп, бойын тік ұстап, тезірек аяқтануға ұмтылады. «Ас – адамның арқауы» деп, омырау сүтіне қоса нәрлі тағаммен азықтанған бала тез жүріп, буыны тез бекиді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: