Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА БАБАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР АШЫЛАДЫ

ҚАЗАЛЫДА БАБАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР АШЫЛАДЫ

 

Қазалыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда салынатын ескерткіштердің ашылу шараларын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының отырысы болып өтті. 
Комиссия отырысына төрағалық еткен аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Тәуелсіздіктің торқалы тойы тұсында аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан шаралармен таныстырды. 
Мерейтой аясында аудан орталығында Жалаңтөс баһадүр мавзолейі мен Бегім ана, Асандар көтерілісінің құрбандарына арналған ескерткіштер және Тәуелсіздік монументі салтанатты түрде ашылатын болады. Мәжілісте шараларға дайындық жұмыстары туралы ұйымдастыру комиссиясы төрағасының орынбасары А.Қаржаубаев баяндады. Қазіргі күні аудан бойынша абаттандыру, көркейту жұмыстары аяқталуға жақын. Абаттандыру жұмыстарымен қатар Тәуелсіздік жолында жанын қиған батырлар мен бабалардың ерлігі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеп, есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатындағы жұмыстар басталып кетті. 
Тәрбиелік маңызы бар шара ағымдағы жылдың қазан айында өткізілмек. Аудан орталығында ғылыми-танымдық конференция өткізіліп, бабалар рухына ас берілетін болады. Сол күні республикалық деңгейде ақындар айтысы, ат бәйгесі, жыраулар фестивалі ұйымдастырылады. 
Жиын соңында шараны ұйымдастыру жөнінде ұсыныс-пікірлер тыңдалып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

ҚАЗАЛЫДА БАБАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР АШЫЛАДЫ

 

ҚАЗАЛЫДА БАБАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР АШЫЛАДЫ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: