Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЛАҒАШТА АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАЛАҒАШТА АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Жалағаш ауданында "Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы аясында ардагерлерге медициналық қызмет көрсетілді.
Бұл шараны "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы, "Жас Отан" Жастар қанаты және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімшесінің ұйымдастырды. 
Атап айтқанда, Дәуімбай елдімекенінің тұрғыны, 1951 жылы туылған К.Ақылбаеваға және кент тұрғыны, 1946 жылы туылған Р. Дүйсекбаеваға невропатолог К.Ильясова, кардиолог А.Каметова, УДЗ дәрігері С.Смагулова, медбикесі А.Джакашева, ЭКГ дәрігері Н.Копаева, терапевт дәрігер Ф.Сасықбаева, медбике Б.Ахетовалар медициналық қызмет көрсетті. Ауа райының жауын-шашынына қарамастан ардагерлерді іздеп келіп, жайдайларын біліп, медициналық қызмет көрсеткен ақ халатты абзал жандарға және ұйымдастырушы "Нұр Отан" партиясына алғыстарын айтып, батасын берді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: