Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Қасиетті Қармақшы" атты мерекелік концерт өтті

"Қасиетті Қармақшы" атты мерекелік концерт өттіҚызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында Қармақшы ауданының өнері мен мәдениет күндеріне арналған "Қасиетті Қармақшы” атты мерекелік концерт өтті. Концертті тамашалауға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев келді. 
Концерттік бағдарлама аудан өнерпаздары "Қорқыт баба” әнімен түріліп, жұртшылықтың жылы ықыласына бөленді. Одан кейінгі кезекте Бидас Рүстембеков, Болат Баймұратов, Айгерім Ешбаева, Балтабай Бедебаев, Серік Жақсығұлов жырдан шашу шашса, "Ақмарал” бишілер тобы "Қазақ биін” тарту етті. Сондай-ақ, Ж.Дәулетов "Киелі ел”, О.Өткелбаев пен М.Бағатов "Киелі мекен – Қармақшы” және өзге де әндер елдің назарына ұсынылды. Өнер кешін тамашалаған көпшілік оларға жоғары бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: