Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Аралда мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды

Аралда мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыландыАудандық мәдениет үйінде Арал ауданына жұмыс сапарымен келген облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы Абзал Таймановтың басшылығымен Арал ауданының мәдениет және өнер саласын даму жағдайын жақсарту мақсатында қоғамдық талқылау өткізілді.
Алқалы жиынға ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаты Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мэлс Назарұлы Қосмамбет, облыстың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Құрамысова Жанат Ашанқызы, ауылдық округтер әкімдері, аудандық бірқатар бөлімдер басшылары, аудандағы мәдениет саласына қарасты мекемелер басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінгі талқылаудың негізгі мақсаттарының бірі – аудан бойынша жасалған ұсыныстарды облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыну үшін саралап пысықтау болатын. Бұл жөнінде ауданда дайындалған анықтама негізінде аталған мәселенің нақты жағдайын, яғни мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, мәдениет мекемелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі туралы аудан әкімінің орынбасары Жанұзақов Қуаныш Қуантханұлы баяндады.
Жиын барысында күн тәртібіндегі тақырыптар толық талқыланды. Мәдениет саласының мамандары көтерген мәселелерге Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов жауап беріп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыныс білдіріп, алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: