Жаңақорған ауданында тұратын кілемші Зәуре Саудабаева бүгінде 65 жастан асса да, қолыннан өрнек ағашын тастамай, кейінгі ұрпағына өз білгенін үйретіп келеді. Қыздарына қыз жасауын жасағанда үнемі өзі тоқыған кілемді қосады. Оның астарында жас отаудың махаббаттары берік, шаңырағы биік болсын деген ізгі тілек жатыр.
– Бала күнімде анамнан үйренген өнерді өмір бойы кәдеге жаратып келемін. Анамның аялы алақанының табы қалған көне кілемді күтіп ұстап, көзіндей сақтап келемін. Ендігі жерде осы үрдісті өзімнің ұл-қыздарыма аманаттап, әрі қарай жалғастырса деген арманым бар. Мәнісін білген адамға, кілем тоқу, өрнек құрудың да адам денсаулығына, ой өрісіне өте пайдалы, – дейді шебер.
Ұлттық өнерді ұмытпаған ісмер ауылдық «Ақ әжелер» сайысына қатысып, көпшілікке кілемшелерін қалай тоқылатынын насихаттап, ауыл тұрғындарынаң қызығушылығын оятты.
Айта кетерлігі, кілем тоқыған, өрнек құрған әйелдің ойлау қабілеті жақсарып, ашушаңдылыққа қарсы имминутеті қалыптасады екен. Саусағы мен білегі үнемі қозғалыста болғандықтан жүйке жүйесінің қызметі жақсарады. Мұны араб елдерінің ғалымдары дәлелдеп отыр. Сондай-ақ қазақ көне заманда айықпас дерттіні кілемге орап емдегені жайында шығыс елдерінің жазбаларында сақталған. Демек кілемнің әлі де бізге беймәлім қасиеті көп.