Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Өзінен 9 жас кіші": Ерке Есмаханның "Ninety one" экс-әншісімен кездесіп жүргені рас па 

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде отбасымен демалып жатыр. Алайда, белгілі болғандай, өнер иесі Дубайда тек жанұясымен ғана емес, "Ninety one" тобының экс-мүшесі Aзамат Зенкаевпен бірге уақыт өткізуде. Желіде қос әншінің суреттері тарап, көпшілік арасында қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ
Желідегілер қос әншінің бірге демалып жүргеніне қарап, олардың қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүргенін болжады. 
Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың Дубайдағы суреттері НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасының ресми Instagram парақшасында жарияланды. 
"Қайда" әнін орындаушы арудың жеке парақшасында жұлдыздарды бірге көргендерін айтып, пікір қалдырғандар да бар. Қалың көпшілік қос өнерпаздың бірге саяхаттап жүргенінің өзіне аса қатты таңғалған. ⠀ Айта кетейік, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың жас айырмашылығы 9 жас. Әзірге шоу-бизнес жұлдыздары бұл қауесетке қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Олар желідегі ақпаратты не растаған да, жоққа шығарған да жоқ. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: