Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалыда аудан тарихы туралы кітап шықты

Жақында тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы ауданында жаңа кітап жарық көрді. «Қазалы қазынасы: Тарих тудырған тұлғалар» атты жинақ Алматы қаласындағы «Service Press» баспаханасында басылып шықты.
Бұл жинаққа Қазалы ауданында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен қасиетті өлкедегі тарихи тұлғалар жайында ел ішінде сақталған әңгімелер енгізілген. Жаңа кітаптың басты жаңалығы, тарихи тұлғалар жайлы айтылатын деректі әңгімелердің біршамасы бұрын еш жерде жарияланбаған. Олар жайлы әңгіме-деректер, ертеректе өмір сүргендеріне қатысты аңыз-әпсаналар ресми мәліметтермен біріктіріліп, халыққа ұсынылып отыр.
Жаңа кітаптағы «Тереңнен тартқан тамырын» бөлімінде біздің өлкедегі республикалық дәрежедегі ескерткіштер жайлы жазылса, жергілікті маңыздағы ескерткіштер туралы ақпараттар «Ұрпақтан-ұрпаққа аманат» атты бөлімде толық берілген. Ал, аудан көлеміндегі алдын ала тізімге енген ескерткіштер жайындағы деректер мен тарихи суреттерге «Алтын көмбе» мен «Суреттер сыр шертеді» бөлімінде орын берілген.
Кітап құрастырушыларының айтуынша, бұл жинақтың жалғасы шығатын болады. Сондықтан да олар бұл кітапқа бірінші басылым деген атау берген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: