Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Белгілі фототілшінің көрмесі өтті

Облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде белгілі фототілші Болат Омарәлиевтің «Сурет – сезім серенадасы» атты фото-сурет галереясы аясында фотосуретшілер байқауы өтті. 

 

 Белгілі фототілшінің көрмесі өтті

 

«Қас-қағым сәт – бір өмір» атты шараның өтуіне қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Ақмешіт апталығы» газетінің ұжымы ұйытқы болды. Алдымен, «Сыр бойы» газетінің ардагері, фототілші Болат Омарәлиевтің көрмесі ашылды. 
Б.Омарәлиев еңбек жолын 18 жасында «Сырдария» газетінен бастаған. Екі жылдан соң облыстық «Сыр бойы» газетіне жұмысқа шақырылып, жарты ғасырға жуық осы басылымда жемісті еңбек етті. 
– Фототілші – айлакер аңшы секілді қағылез болуы керек. Ол – ойдың адамы. Түсіретін дүниесін іштей миында пісіріп жүруі керек. Сурет баспасөз бетіне шыққанда, астындағы сөзді оқымай-ақ, адам түсінетіндей болуы керек, қысқасы. Сондай үдеден шығу үшін бір көріністі жүз мәрте түсіріп, кейде екі-үш күнімді арнаған сәттер болды, – дейді Болат Омарәлиев. 
Байқау жұмыстарын фотограф Болат Омарәлиев, «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Дүйсенбек Аяшұлы және режиссер-сценарист, ақын Оңталап Нұрмаханов бағалады. Нәтижесінде «Сыр медиа» серіктестігінің жас фототілшісі Нұрболат Нұржаубай бірінші орынды иеленді. Келесі жүлделі орындар Н.Қайратовқа, В.Воробьев пен Е.Қойшыбаевқа бұйырды. 
Айта кетейік, байқау фотокөрмесін ақпан айының 24-іне дейін тамашалауға болады. Ал Болат Шамаұлының көрмесі қалалық мәдениет үйінде жыл бойына көрсетілмек.

 

 Белгілі фототілшінің көрмесі өтті

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: