Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Облыс әкімі Литваның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Литва Республикасының Қазақстандағы елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесті. Аймақ басшысы алдымен елшіні 11 наурыз күнгі Литваның тәуелсіздігін қалпына келтіру күнімен құттықтап, халқына бейбітшілік тіледі. Мұнан соң екі ел арасындағы сенімді әріптестіктің облыстағы салмағын арттыру мәселесі талқыланды. 
- Қазақстан мен Литва ашық және сенімді әріптестер болып табылады. Екіжақты серпінді байланыстар біздің ынтымақтастығымыз бен достық қарым-қатынасымыздың дамуына қосымша серпін беретініне сенімдімін. Ағымдағы жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 29 жыл толады. Осы жылдар ішінде біз тарихи көпғасырлық байланыстарды сақтап қана қоймай, тең құқықтық және өзара тиімді әріптестік қағидаттарын жаңаша құруды үйрендік, - деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
Кездесуде елші Гинтаутас Васюлиспен Қазақстан мен Литва арасындағы байланыстың жыл өткен сайын артып келе жатқандығын айтып, осы сапарының сенімді әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталғанын жеткізді. 
- Қазақстан мен Литва бүгінде сенімді әріпестіктің арқасында сауда-саттықты арттырып, экономикалық ынтымақтастық қалыптастырды. Біз бұл байланысты одан әрі арттыруға мүдделіміз. Сол үшін екі ел арасындағы тауар айналымын арттырып, Қазақстаннан әлеуетті компанияларымызға серіктес тапқымыз келеді, - деді Литва Республикасының Қазақстандағы елшісі Гинтаутас Васюлис.
Аймақ басшысы ағымдағы жылы 26 млрд.теңгеге 105 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланғандығын айтып, бұл ретте Литва Республикасының кәсіпкерлі тарапынан ұсыныстарды қуана қабылдайтындығын жеткізді. Елші өз кезегінде Қазақстанның аграрлық, ІТ және тағы басқа салаларды жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, дамытуда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: