«Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.
![]()
Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек.
Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал».
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ
Қазақстан Республикасының Президенті
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ
«АДАЛ АДАМ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС»
АТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫН КЕҢІНЕН
НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА
«ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА
ЕНГІЗІЛУ ҮШІН ӨТІНІМ БЕРУ ШАРТТАРЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы «ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ» республикалық патриоттық энциклопедиясына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлайды.
«Құрметті еңбек азаматы» республикалық энциклопедиясының мақсаты: тәуелсіздік жылдарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен, азаматтық ұстанымымен елеулі үлес қосып жүрген тұлғалардың еңбегін Республикалық деңгейде қоғамға кеңінен насихаттау, олардың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, еңбек пен адалдықтың құндылықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеру.
Республикалық энциклопедияға енгізілетін тұлғалар:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар.
Энциклопедияға өтінім беру шарттары:
Қатысушы өтініш кестесін толтырып, өзі жайлы жазылған көлемі 2 беттен аспайтын өмірбаянын (14 кегль, Times New Roman қарпімен терілген, үлгі 2 бетте) жолдауы қажет. Өмірбаянда жеткен жетістіктері мен атқарған еңбектері толық көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, кітапқа шығаратын сапалы 4–5 дана фотосуретін қоса жіберуі қажет, оның ішінде 1 фотосурет жеке фото-сурет болуы шарт (энциклопедиясының басты мұқабасына арналған). Энциклопедияның басты мұқабасына қатысушының жеке суреті қойылады.
Құжаттар astana-20s@mail.ru электронды почтасына немесе +7 707 950 53 98 WhatsApp номеріне қабылданады 2025 жылдың қараша айының 3-не дейін қабылданады.
«ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ» энциклопедиясының салтанатты тұсау кесер рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Іс-шараға елімізге белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері, пофессор ғалымдар қатысады.
Іс-шара барысында қатысушыларға табысталады:
• «ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ» республикалық патриоттық энциклопедиясы;
• Арнайы тағайындалған «ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ» атты төсбелгісі;
• Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
• ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ;
• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: astana-20n@mail.ru
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы:
+7 707 950 53 98, +7 747 702 52 62, +7 778 742 74 40
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орны атауы, лауазымы
Еңбек өтілі
Басшының аты-жөні
Энциклопедия атауы «ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері