Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Арал ауданының әкімі есеп берді

Арал ауданының әкімі есеп бердіАрал аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Абзал Мұхимовтың өңір тұрғындарымен қорытынды есепті кездесуі өтті. Есептік кездесуге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев қатысты. 
Аудан әкімі Абзал Мұхимов 2014 жылы атқарылған жұмыстары және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндама жасады. Жиын барысында тұрғындар сөз алып, өңір басшысының 2014 жылы атқарған жұмыстарына оң бағаларын берді. Өз кезегінде аудан әкімі аймақ тұрғындары берген бағаға алғысын айтып, ауданның дамуы, өркендеуі жолында әлі де көптеген үлкен міндеттер атқарылатындығын сөз етті. Сонымен қатар, биылғы жылы Арал қаласында газдандыру жұмыстары жүргізіліп, осы жоба аясында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі шешілетіндігін мәлімдеді. Тіректі елді мекендерді дамыту және аудан орталығындағы көшелердің жолдарын кеңейту жұмыстары, тұрғын үйлер құрылысын жалғастыру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру биылғы жылдың басты басымдықтары екендігін де атап өтті. Есептік кездесуде қорытынды сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Алибаев кездесуде көтерілген мәселелерге байланысты өз пікірін айтып, шешу жолдарын түсіндірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: