Облыс әкімдігі аппарат басшысының орынбасары тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің аппарат басшысының құқық қорғау органдарымен жұмыс істеу және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша орынбасары қызметіне Алпысбаев Ғазымбек Алпысбайұлы тағайындалды.
Ғ.Алпысбаев 1955 жылы туған. Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігінің жоғары мектебін бітірген. Полиция полковнигі. Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Осыған дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.