Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қармақшыда "Достық" фестивалі өтті

Дүйсенбі күні облыс әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды. Ауылдарды аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Қармақшыда "Достық" фестивалі өтті

 

Алдымен Т.Көмекбаев ауылдық округінде болып, №185 мектептің жұмысымен танысты. Өткен жылы бұл білім ошағы ҰБТ-дан төмен көрсеткіш көрсетті. Сондықтан аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектерге дайындықты пысықтай түсіп, жақсы нәтиже көрсетулеріне сәттілік тіледі. 
Қуандария мен Алдашбай ауылдарында абаттандыру жұмыстары жоғары дәрежеде атқарылуда. Ал «Тұрмағамбет» ЖШС-гі көктемгі дала жұмыстарына техникалары сақадай сай дайын. Осыған дейін 30-ға жуық техника сатып алған болса, биыл 12 техниканы лизингке алуды жоспарлап отыр. «Достық Жер МК» соңғы озық техникамен жаңаланып отырған шаруа қожалықтардың қатарында. Екі жыл ішінде 30-ға жуық түрлі егіске арналған техникалар алған. Аймақ басшысы шаруалармен кездесуде егінді уақытылы егуді тапсырды. Ақтөбе ауылында клуб ғимараты бүгінде ескірген. Облыс әкімі халықпен кездесуде бұл нысан биыл күрделі жөндеуден өтетіндігін айтты. 
Сапар барысында аймақ басшысы Салима Жұмабекова мен Ұлы Отан соғысының ардагері Шәкіман Бектібаев отбасында болып, Наурыз мерекелерімен құттықтады.
ІІІ Интернационал ауылында 11 ұлттың өкілдерінен құралған 2500-нан астам адам тұрады. Наурыз мерекесіне және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Достық» фестивалі өтті. Шарада өзге ұлт өкілдері өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер шырқады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: